Қызыл жалын 16 адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 240 өрт оқиғасы тіркеліп, қызыл жалын 16 адамның жанын құшты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, өңірде өрт оқиғаларының дені жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Ол шамамен жалпы төтенше жағдайлардың 70 пайызын құрап отыр.

– Тілсіз жаудың алдын алуға мақсатында күн сайын мамандарымыз рейдтік шаралар өткізеді. Бүгіндері департамент қызметкерлері 49 мыңнан астам үйге тексеріс жүргізді. Қайғылы оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен пештердің дұрыс жабдықталмауы салдарынан болуы мүмкін екенін ескертеміз, – дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Бүгіндері облыста өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz