Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті мамандарының есептеуі бойынша биылғы жылдың екінші тоқсанында облыс тұрғындарының орташа айлық көлемі 297 мың 303 теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, Қазақстанда екінші тоқсандағы орташа жалақы 278 296 теңгені құрап отыр. Ел көлемінде номиналды жалақының орташа мәні – 403 251 теңге болып отыр. 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда еңбекақы мөлшері 7% — ға артты.
Ұлттық статистиктер қаржы және сақтандыру қызметі салаларындағы орташа айлық жалақының – 23,3%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 21,5%-ға, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың – 21,1%-ға көтерілгені байқалады.
Білім беруде орташа айлық жалақы 7,2%- ға, денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 5,6%-ға ұлғайды.