СҚО-ДА АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ 38 ЖАҢА МСАК НЫСАНЫ САЛЫНУДА

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты.

Авторы: Марат Шынтеміров

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты.

Ведомство басшысы және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  80 төсектік стационарды, 10 дәрігерлік амбулаторияны, 8 фельдшерлік-акушерлік пунктті және 40 медициналық пунктті қамтитын Қызылжар аудандық ауруханасына барды. Аудандық аурухана аумағында  ауысымда 250 келушіге арналған жаңа емхана салу жоспарына ерекше назар аударылды. Ауданда барлығы 48 мың тұрғынға түрлі көмек түрлерін ұсынатын 59 медициналық ұйым жұмыс істейді.

Сапар барысында министр дәрігерлермен медициналық кадрлар, әлеуметтік қолдау және ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жарақтандыру мәселелерін талқылады. Ведомство басшысы медициналық көмектің сапасын арттырудың және халықпен профилактикалық жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту қажеттігін атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің ауылдық елді мекендерінде 38 МСАК нысаны, оның ішінде 22 медициналық және 16 фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда.

Жұмыс сапары барысында министр облыс тұрғындарымен, жергілікті белсенділермен және депутаттармен кездесті. Халық айтқан негізгі мәселелер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, ауруханаға жатқызуға және медициналық көмек алуға қатысты болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz