Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жылда (2024 жылғы шілде 2023 жылғы шілдеге) қайта сатылған пәтерлердің бағалары 3,2%, жаңадан салынған тұрғын үй пәтерлерің сату бағасы 2,4% өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы шілдеде 5,2% жоғарылады.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе – 7,5%, Талдықорған 7,2%, Қызылорда қалаларында 7,1% қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығы бағасының өсімі бойынша Атырау (16,9%), Астана қалалары көш бастап тұр (8,9%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған (28,1%), Жезқазған (23,6%), Петропавл (21,8%) мен Атырау қалалары (21%).