Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды

Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі

Авторы: Зарап Құсайынов

 

 

Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Конкурс үш кезеңнен тұрады: 1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз); 2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек); 3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан). Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау.  Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz