Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, биылғы алты ай ішінде облыста 2571 сәби (1291 ұл мен 1279 қыз) дүниеге келіп, 3079 адам қайтыс болған.
Барлық сәбилердің 42 пайызы (1075) Петропавл қаласында туған. Уәлиханов, Ақжар, М.Жұмабаев аудандарында бала туу жоғары болса, Аққайың, Есіл, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда бұл көрсеткіш төмен. Есепті кезең ішінде 1379 неке қиылған. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының дерегі бойынша жыл басынан бері 709 жұп ажырасқан. 2024 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 526.2 мың адам тұрады. Тұрғындардың 258.1 мыңы немесе 49 пайызы қалада, ал 268.1 мыңы немесе 51 пайызы ауылда мекен етеді.