КОЛЛЕДЖДЕРГЕ БӨЛІНГЕН ГРАНТТАР

Жаңа оқу жылында еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 145 мың орынға дейін артты.

Авторы: Зарап Құсайынов

    Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп, деп хабарлайды  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90 пайызды құрады.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65 пайызы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 100 пайызға дейін өседі.

Сондай-ақ колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасуда. Ол бойынша жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады. Бұл кадрларды еңбек нарығының талабына сәйкес дайындауға мүмкіндік береді.

Маман даярлаудың маңызды бөлігі — бизнеспен ынтымақтастық құру болып табылады. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледждің түлектерін практикалық даярлауға, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, дуальді оқытуға және шефтік қамқорлық көрсетуге қатысуда.Бұл шаралардың барлығы жас мамандарды кәсіби дайындауға және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz