Осы жылдың басты спорттық шарасының біріне Қазақстан құрамасы сапында Азия кубогының бес дүркін жеңімпазы, ат спортынан ҚР спорт шебері Евгений Чибисов және оның адал досы-«Аквамарин» лақап атты тоғыз жасар француз сәйгүлігі бар.
Евгений жаттықтырушы және атшабандозы ретінде жарыс жолына түскен. Осы жолғы ат маусымы спортшы мен тұлпары үшін сәтті өтуде. Жаздың басында ат спорты түрлерінен Солтүстік Қазақстан облысының Кубогында «Аквамарин» Евгениймен бірге жеті шақырымға шақталған жорға сайысында сынға түсіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен еді. Содан соң олар Айыртау ауданында өткен ұлттық спорт түрлерінің облыстық фестивалінде жеңіске жетті. Алматы облысының Кубогында кезекті рет жеңімпаздар қатарынан көрінді. Енді міне, Евгений мен оның сәйгүлігіне Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндік туды.
Қазір жокей «Аквамаринмен»бірге дүбірлі аламанға дайындық үстінде. Евгений өз салмағын жокейлерге қажетті елу килограмға дейін төмендету үшін көп күш жұмсау ыкерек. Ал, ол өзінің адал досы «Аквамариннің» жүлдегер атануына күмәнданбайды. Спортшының сөзінше, «Тұлпары тоғыз жаста болса да,бірақ бұл тұқымның жылқылары үшін ең өнімді кезең». Алдағы бесжылда «Аквамарин» әлі де ірі жарыстарда өзімен теңдерге қарсылық көрсете алады.
«Қамысқұлақ» лақап атты тағы бір тұлпар бүкіләлемдік жарыста шашауына шаң жұқтырмайтыны анық. Екі жасар шапшаң жылқы Қазақстанның солтүстігінде танымал кәсіпкер Біржан Шаймерденовтің сәйгүлігі. Шаруашылықтың басшысы көп жылдар бойы асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысады. Биылғы көшпенділер ойындарына «Қамысқұлақты» Қуаныш Шахамбаев баптап жүр. Ол бала кезінен ат жарыстарына жокей ретінде қатысты, ал жақында жарыстарға жылқыларды дайындаумен және жаттықтырумен айналысуды қолға алды.
«Қамысқұлақ» тамыз айының басында Павлодар облысында өткен Қазақстан чемпионатында құнан бәйгеге қатысты. Солтүстікқазақстандық тұлпар жарыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға мүмкіндік алды. Енді Қуаныш баптайтын ат он бір шақырымға шақталған құнан бәйгеде шауып көрмек.