Баланы Уәлиханов көшесіндегі полицияның стационарлық бекетіне қоғамдық көлік жүргізушісі әкеп тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Баласын жоғалтып алған ана «Береке» шағынауданындағы полиция бөлімшесіне барғанда тәртіп сақшылары оның аман екенін айтып, суретін көрсеткенде таңданысын жасыра алмаған.
– Қорқынышты түс сияқты болды. Менің басымдағы жағдай емес сияқты көрінді. Көше кезіп жүгіріп жүрмін, қайда барарымды, кімнен сұрарымды білмей қалдым. Полицей қызымның суретін көрсетіп, жағдайы жақсы екенін айтқан кезде жылап жібердім. Айтар алғысым шексіз, – дейді баланың анасы.
3 жасар қыз әжесімен бірге автобуста келе жатып ұйықтап қалған. Ал жолда қарияның денсаулығы күрт нашарлап, қоғамдық көліктен түсіп қалған, үйіне қалай жеткені есінде жоқ.