Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің мәліметінше, бүгінде қалада алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін 1500-ға жуық адам есепте тұр. Олармен профилактикалық жұмыс-учаскелік инспекторлардың міндеттерінің бірі.
Петропавл тұрғыны учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Ерлан Нұғырбековке қатысты алғыс сөздерін жолдады. «Мен қиындыққа тап болдым: ұлым көп ішіп кетті. Оның және басқалардың өмірі төзгісіз болып кетті, мен біздің учаскелік инспектор Ерлан Сакуовичқа жүгіндім, ол жағдайға түсіністікпен қарады, олардың отбасына бірнеше рет барып, әңгімелесті», — деп хабарлайды қала тұрғыны. Оның айтуынша, алдын-алу өз жемісін әкелді: ер адам ішімдіктен бас тартып, жұмысқа орналасты. «Ерланға және оның ата — анасына лайықты ұл тәрбиелегені үшін аналық рахметімді айтамын», — деп жазды қала тұрғыны.
Ал ақпан айында Есіл ауданының аумағындағы қайғылы автомобиль апатына қатысқан адамдардың туыстары СҚО ПД анықтау басқармасының қызметкері Алмас Шайғузовқа алғыстарын білдіруде. «Қиын сәтте біз сауатты және кәсіби анықтаушының қолдауын таптық», — делінген алғыс хатта. — Әсіресе жұмыста жеделдік пен ұқыптылықты, процестің барлық қатысушыларына сезімталдықты атап өткіміз келеді. Оның күш-жігерінің арқасында біз өзімізді заңды түрде қорғалғанымызды сезіне алдық».
-Адамдардың мұндай пікірлері қазіргі қазақстандық полицияның кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, қызметкерлерді одан әрі қызмет етуге ынталандырад, — дейді полиция қызметкерлері.