Өткен тәулікте республика аумағында 1173 адам қауіпті індетті жұқтырған. Бұл алдыңғы күнгі статистикаға қарағанда 138 жағдайға аз, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кеше Алматыда 480, Павлодар облысында 141 тұрғын инфекция жұқтырған. Солтүстік Қазақстан облысында 95 тұрғын сырқаттанды. Оның 14-і аурудың симптомсыз түріне шалдыққан.
Өңірде соңғы тәулікте «COVID-19» дертін жұқтыру көрсеткіші бойынша Петропавл көш басында тұр. Облыс орталығында 20 жаңа жағдай тіркелді. Одан кейінгі Мамлют ауданында 11 адам коронавирус жұқтырған. Тайыншада – 10, Мағжан Жұмабаев ауданында 9 адам ауырған.
Қуантарлық жағдай, облыс аумағында қауіпті дертті жұқтырушылар қатары күн сайын азайып келеді. Осыдан бір күн бұрын теріскейде 143 жағдай тіркелген болатын.