Президент Әкімшілігінің келісімімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен өңір басшысының орынбасары болып Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.
Жүсіп Жұмағұлов 1992 жылы Алматы қаласында туған. КИМЭП университетін «Іскери әкімшілік», М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Юриспруденция» магистрі және Назарбаев университетін «Мемлекеттік басқару» магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Сарыарқа» ауданының әкімі болды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап осы тағайындауға дейін Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, мәдениет, білім, еңбек және дін мәселелеріне жауап бермек.