СҚО-да коммуналдық кәсіпорын судың тарифін негізсіз өсірген

Авторы: Марат Шынтеміров

          Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары  жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесе Мамлютка қаласы тұрғындары мен кәсіпкерлердің құқығын қорғап, судың тарифін төмендетті.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны Тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұзған. Осылайша кәсіпкерлерден бюджеттік ұйымдарға бекітілген тарифпен, яғни тұтынылған судың әр м3 үшін 1318 теңге алып келген. Қадағалаушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бұл мәселені зерделеп, заңсыздықты жою туралы ұсыныс енгізді.

«Ұсынысты қарау қорытындысы бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылып, облыстың табиғи монополияларды реттеу басқармасы 1 шілдеден бастап тұрғындарға 1 м3 үшін 190-нан 99,24 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушыларға 1318,72-ден 688,81 теңгеге дейін түсіріп, су тарифін бекітті. Бұл уақытша өтемақы тарифі болып есептеледі. Қабылданған қадағалау шаралары Мамлютка қаласы тұрғындарының, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Осылайша коммуналдық кәсіпорын негізсіз алынған қаражатты тұтынушыларға төмендетілген тарифті қолдану арқылы қайтарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz