Облыс орталығында дойбыдан есту және көру органдары зақымданған спортшылар арасында ҚР чемпионаты бастау алды. Оған еліміздің облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 80 спортшы қатысып жатыр.
Осы жарысқа бірнеше дүркін әлем және Азия чемпиондары Даниил Гайнуллин мен Юрий Носов қатысып жатыр. Олар Павлодар мен Жетісу өңірлерінің намысын қорғап келіп отыр. Жалпы, жарыс 9 күн бойы өтеді. Алғашқы 2 күн – рапид, ал қалған 7 күнде спортшылар классикалық тұрғыда ойнайды.
Бұл спортшылар үшін іріктеу жарысы болып саналады. Жеңіске жеткендер қазан айында Түркияда өтетін Еуропа чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.