СҚО-да өткен жеті айда 49 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген

Авторы: Марат Шынтеміров

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есеге  төмен.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр қаңтар-шілде айларында короновирус жұқтырудың 317 жағдайы тіркелген.

Биыл сырқаттанғандардың 42-сі – ересектер, үшеуі – 15-17 жас аралығында болса, қалған төртеуі – 14 жасқа дейінгі бала.

«Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қазіргі уақытта тұрақты. Соңғы 3 айда –мамыр, маусым, шілдеде КВИ жағдайлары тіркелген жоқ. Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция, КВИ ауруларының алдын алу үшін бөлмені үнемі желдетіп отыруға, қолды жуу үшін үнемі антисептикалық құралдарды пайдалануға, ауру адамдармен байланысты шектеуге, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде бетперде пайдалануға, уақытылы медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз», –дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz