Бүгін Петропавлдағы «Динамо» стадионында жаңа футбол алаңының ашылуы өтті. Салтанатты шараға ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов, футболдан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов және «Alan» жобасының елшісі Самат Смақов қатысты.
Футбол алаңы Италиядан келген 5-ші буынды жасанды жабынмен қапталған. Бұл Қазақстандағы футбол алаңдарын жаңартуға арналған «Alan» ҚФФ бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Жобаның басты мақсаты – жас футболшыларға жағдай жасау, олардың әлеуетін ашу және алаңдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Өңірімізде футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 22 шағын футбол алаңы орнатылды. Қазіргі таңда төрт ауылда стадиондар жөнделуде. Облыс орталығында «Қарасай» стадионын қайта жаңғыртудың екінші кезеңі жалғасуда. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Тимирязев ауылының стадионына күрделі жөндеу өткізілді. Петропавл қаласында «Жастар» стадионында жасанды жабыны ауыстырылды. Мамлютка қаласы стадионның ағымдағы жөндеуі жалғасуда. Өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар балалар мен жастар футболының дамуына серпін беретіні сөзсіз.