СҚО-да САЛЫҚ ТҮСІМІ АРТҚАН

Авторы: Марат Шынтеміров

       Өңірде биыл жарты жылда салық және басқа міндетті түсімдер есебінен мемлекеттік бюджетке 91,8 миллиард теңге түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бір миллиард теңгеге артық.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша қаражаттың 30 миллиард теңгеге жуығы республикалық қазынаға, қалғаны жергілікті бюджетке түскен. Нәтижесінде жергілікті бюджет түсімі  10,9 пайызға  артқан.  Өңірде республикалық мониторингтегі екі ірі салық төлеуші бар. Олар Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің 300-дігіне кіреді. Соның бірі – Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі – «Ресей темір жолдары» ААҚ филиалы. Екіншісі – «СевКазЭнерго» АҚ.

Облыстың осы екі ірі кәсіпорынынан бюджетке 5,7 миллиард теңге түседі. Бұл барлық түсім үлесінің 6,1 пайызын құрайды. Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі өткен жарты жылда өңір қазынасына 3,4, ал «СевКазЭнерго» АҚ  2,3 млрд. теңге аударыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz