Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.
Жыл басынан бері облыс полицейлері 1700-ге жуық рейд және 10 жергілікті пысықтау жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 1953 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 663 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға ата-ана құқығынан айыруға 71 материал жіберілді; оның 40-ы қанағаттандырылды. Ата-ана құқықтарын шектеуге 14 материал жіберілді, 12 қанағаттандырылды.
Кәмелетке толмағандарды кешкі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жібергені үшін 19 мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 37 дүкен иесі тартылды. 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер жасаған бұзақылық үшін 116 заңды өкіл тартылды.