Петропавлда «Жедел жәрдем» қызметкерлері зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды.

Авторы: Марат Шынтеміров

 «Жәдел жәрдем» станциясына 64 жастағы ер адамның ауыр жағдайы туралы хабар түседі. Зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге   3 маманнан құралған фельдшерлік бригада барған.  

Дәрігерлерге ер адам кеудесі ауырып тұрғандығын айтқан. Ал ЭКГ-ны алар кезде қан айналымы тоқтап қалады. Ақхалаттылар дереу ACLs стандарттары бойынша кеңейтілген реанимациялық іс-шаралар жүргізуге кіріскен.

Мамандардың айтуынша жанама жүрек массажы, Амбу қапшығымен желдеткіш, екі рет дефибрилляция жүргізілген. Науқасқа адреналин, Сантадарон препараттары енгізіледі,  алты минуттық реанимациялық әрекеттен кейін ғана сырқаттың  қан айналымы қалпына келіпті.  Кейін науқас кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта  есін жиған. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz