Петропавлда балаларға арналған танымдық экскурсия өткізілді

Авторы: Марат Шынтеміров

 Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК филиалында қызметкерлердің балаларына арналған танымдық экскурсия өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларды филиалдың қызметі мен зертханалық процестермен таныстыру.

Экскурсия барысында балалар жол-құрылыс материалдарының сапасын тексеру процестерімен танысты. Филиалдың басты міндеті – жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде қолданылатын материалдардың сапасын бағалау және жол активтерін басқару. Балалар зертхананың жұмысы және жол-құрылыс материалдарының сапасын тексеру әдістері туралы қысқа да нұсқа ақпарат алды. Сонымен қатар, оларға республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аспаптық диагностикасын жүргізетін жылжымалы зертхана таныстырылды. Бұл зертхана жолдардың техникалық жағдайын бағалап, кемшіліктерді анықтап, жөндеу мен күтіп ұстау бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Сондай-ақ!

Балалар экскурсияға белсене қатысып, көптеген сұрақтар қойды. Олардың арасында жол саласында қызмет етіп, еліміздің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуға ниеттілер де табылды. Филиал директоры Жолдыбай Тентеков осындай іс-шаралардың балалардың болашақ мамандық таңдауына оң әсер ететініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz