СҚО-да әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында басшылық лауазымға қатысты екі тәртіптік іс қаралды.
Бірінші мәселе Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі Елдар Закириннің мемлекеттік қызметке жат іс-әрекетіне арналды. Ол жеке кәсіпкер тендерді ұтып алғанына қарамастан, келісім-шартқа уақытылы қол қомай, еш себепсіз созып жіберген. Осылайша шенеунік тарапынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Крдексінің 50-ші бабының 1-ші тармағы бойынша шағын бизнес өкілінің құқығы өрескел бұзылған. Әдеп кеңесінің мүшелері атқарып отырған қызметіне сай еместігі жөнінде шешім шығарды.
Екінші мәселе бойынша Петропавл қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Болат Қанғожиновтың түн мезгілінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны айтылды. Оған қатаң сөгіс жарияланды.