СҚО-да полицейлер қылмыс орнында браконьерді анықтады

Авторы: Марат Шынтеміров

       Учаскелік инспекторлар М.Жұмабаев  ауданынының Гаврино ауылы маңындағы орман алқабынан иесіз қалған нөмірлері жоқ «Урал» мотоциклін және браконьер бөлшектеп үлгермей, ағашқа ілінген елікті тауып алған.

Мотоциклдің жук салғышында 12 калибрлі 10 патроны бар оқ-дәрілер жатқан. Қаскүнемнің өзі қызметтік автокөлікті көріп қашып кеткен.

«Қылмысты ашуға аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды, — деп хабарлайды полиция бөлімі бастығының м.а. полиция подполковнигі Жанат Рахметов. — Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы Петропавл қаласының  тұрғыны күдікті анықталды. Одан тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды».

Қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, күдікті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аң аулаудың 6 фактісі тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz