Облыстық қоғамдық кеңес отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жайы талқыланды. Биылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қалада 2407 үй зардап шекті. Осы ретте облыс орталығында 7 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған еді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссия тарапынан 42 отырыс өткізіліп, су тасқынына нзардап шеккена заматтардың1 807 өтініші қаралды.
«QyzyliarAsar» корпоративтік қоры зардап шеккендерге 19 миллиард 506 миллион 680 мың теңгеге 1057 пәтер сатып алып, нәтижесінде 926 отбасы баспаналы болды.
Сондай-ақ техникалық қорытындыға сәйкес, тұруға жарамды және жөндеуге жататын 25 тұрғын үйге қатысты өтініштер су тасқыны салдарынан зардап шеккендерг еарналған үйлерді салу және жөндеужөніндегікомиссияғажіберілді. Зардап шеккендерге100 АЕК мөлшерінде бір жолғы төлем түріндегі көмек 7455 адамға көрсетілді. Сонымен қатар 2038 азаматқа келтірілген материалдық залал үшін 150 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Жалғыз тұрғын үй болып табылатын саяжай құрылыстарына көмек көрсету мәселесі де өз шешімін табуда. Уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстарда тұратын азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссия 112 өтініш қарап үлгерген.
Сонымен қатар облыс орталығында Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген азамат та анықталған. Тұрғын биыл көктемгі су тасқыны кезінде зардап шегіп, қалалық әкімдікте құрылған арнайы комиссияға жүгінген.
–Басында комиссия мүшелері күнде жиналып, құжаттарды қабылдады. Қазір олардың саны едәуір азайды. Негізінен құжаттары дұрыс емес азаматтар жүгінеді немесе комиссия шешімімен келіспеген тұрғындардың арыздары қаралады. Кейбір үйлердің иесін табу қиынға соғып тұр. Комиссияда отырып біраз жәйттің беті ашылды. Қора-қопсыларын ресімдегендер де бар, үйлеріне құжат алмағандар да бар. Тіпті, бізге келген бір ер адамның Кеңес одағының төлқұжатымен жүргені анықталды. Яғни, ол жеке бас құжаттарын ауыстырмаған. Тасқын біраз мәселенің бетін ашты, – дейді қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев.
Жалпы су тасқыны кезінде зардап шеккен Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының тұрғындарына арнап «Солтүстік «ӘКК» АҚ қоймасынан 120 тонна гуманитарлық көмек (арпа, қарақұмық) бөлінген. Петропавл қаласының аумағындағы қоймалардан 800 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берілген. Олар – азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, үй тоқыма бұйымдары, жылы киім мен аяқ киім, шаруашылық және ауыл шаруашылығы тауарлары, тұрмыстық техника, ас үй керек-жарақтары, балаларға қажет құрылғылар мен медициналық жабдықтар.