Петропавлда бокс ардагерлері арасында халықаралық «Ринг патшасы-2024» ашық турнирі өтіп жатыр

Авторы: Марат Шынтеміров

      ҚР Конституция күні қарсаңында Петропавлда дәстүрлі «Ринг патшасы» турнирі басталды.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған бұл турнирдің Қазақстанда теңдесі жоқ. Халықаралық жарыстың ерекшелігі – оған жасы отыздан асқандар ғана қатыса алады.

img 6445

Соңғы жылдары оның танымалдығы артып келеді. Биыл алыс шет елдерден де қатысуға тілек білдірген. Мәселен, «Ринг патшасы» атағын иелену үшін Израиль мемлекетінің спорт ардагері Михаэль Еди қатысып жатыр. Оның жасы 64-те. Ашық турнир жайында интернеттен көріп, қатысу үшін Петропавлға арнайы келіп отыр.
Кемерево қаласынан келген Сергей Таннагашев бокстан Ресейдің спорт шебері. Бұл турнирге қатысуға биыл да келіп отыр. Мықты спортшылардың бірі саналатын ол өткен жылдары бірнеше рет финалға шықты. Абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері биыл бас жүлдені жеңіп алмақ.
«Ринг королі» турниріне қатысушылардың бірі — былтырғы күміс жүлдегер Зинат Жандыбаев. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, сондай ақ әскери қызметшілер арасында өткен Әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы. 44 жастағы омбылық спортшы қазір негізінен балаларды жаттықтырумен айналысады.
Қатысушылар арасында Қырғызстан мен Өзбекстанның бокс ардагерлері де бар, бірақ басым бөлігі – Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларының және Қазақстанның басқа өңірлерінің былғары қолғап шеберлері. Олар 63, 69, 75, 91 және +91 келі салмақ дәрежесінде күш сынасады. Жекпе-жек екі минуттан тұратын үш раундта өтеді.
«Ринг королі-2024» атағы үшін финалдық кездесулер 30 тамызда Камиль Сафин атындағы облыстық  балалар мен жасөспірімдердің бокс мектебінің залында өтеді.

img 6570 img 6586

img 6642 img 6654 img 6659 img 6711

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz