«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Солтүстік Қазақстаннан бастау алды

Авторы: Зарап Құсайынов

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өткізілетің «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Айыртау ауданы, Лобаново ауылында бастау алды.

«Ұлы дала жорығы» марафоны биыл біздің елімізде тұнғыш рет халықаралық деңгейде өтілуде.

Оған шет мемлекеттерден 10-жуық команда қатысты. Оның ішінде ОАР, Иран,Түркия, Ресей Федерациясының қатысушылары, Венгрия, Қырғызстан және отандық қатысушылары 500 шақырымды еңсеруі керек. Жалпы алғанда 17 команда құрамасы қатысты.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің басты мақсаты – ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғыртып, олардың әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау.

«Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі бағыттарының бірі – қолтума жылқылардың екінші тынысын ашу.

Осы бастама аясында қазақ жылқыларын шетелдік тұқымдармен салыстырып, олардың әлеуеті мен төзімділігін, ұзақ қашықтықты еңсеру қабілетін көрсетіледі.

Шетелдік өкілдерден жарысқа қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, еліміздің адай,әулие ата тұқымдары қатысуда.

458311717 1262002078151655 3837908692974028259 n 458224790 1262001941485002 7716010388446162118 n 457748567 1262001798151683 5075585428928738965 n

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz