АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚҰНЫ ТҰРАҚСЫЗ

Солтүстік Қазақстанда инфляция тамызда жылдық есептеумен алғанда тоғыз пайызды құрады

Авторы: Зарап Құсайынов

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарлары – 6, азық-түлік емес тауарлар 8, ақылы қызметтер 14 пайызға өсті.

Ұлттық статистика бюросы Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша департаментінің мәліметінше, былтырмен салыстырғанда баға айтарлықтай өскен. Мәселен жемістер – 20, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық 12, тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері 7 пайызға қымбаттаған. Күріш бағасы – 27 пайызға өскенімен, жалпы жармалар 24 пайызға арзандап отыр.

Темекі өнімдері – 19, алкогольді ішімдіктер – 13, алкогольсіз сусындар 7 пайызға қымбаттаған. Көкөністердің  бағасы 9 пайызға өсті, соның ішінде қияр құны – 36, картоп  29, сәбіз  6 пайызға артқан. Қант биыл 4 пайызға арзандады.

Жеке тұтынуға арналған тауарлар мен приборлардың бағасы  – 13, киім және аяқ киім 9, фармацевтикалық өнімдер 9 пайызға өсті. Мотор майы — 12, сұйытылған газ 9 пайызға қымбаттады.

Байланыс қызметтеріне баға 3 пайызға өсті, оның ішінде  ұялы байланыс қызметтерінің құны бір жыл ішінде 21 пайызға артып отыр. Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер — 7, қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметтері 12 пайызға қымбаттады. Шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелері қызметтерінің құнын 18 пайызға өсірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz