Басты байлыққа ерекше көзқарас

Авторы: Зарап Құсайынов

Денсаулық сақтау саласында еңбек еткеніме қырық  жылдан асты. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Қарағанды медицина институтын тәмамдаған соң жолдамамен Қызылжар өңіріне келген едім. Петропавл қаласында учаскелік дәрігер қызметінен еңбек жолымды бастаған болатынмын. Осы жылдар ішінде облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының жетекшісі, №2 Петропавл қалалық ауруханасының бас дәрігері сияқты лауазымдарды атқардым. Облыстық кардиологиялық орталықта  жүрекке ота жасау  ісінің жолға қойылуына өзімнің үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын.

Әлемдегі, соның ішінде елдегі әлеуметтік-саяси жағдай кеңінен қамтылған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт-Тоқаевтың биылғы Жолдауында, әрине, медицина жайы да сөз болды. Әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ерекше тоқталып, биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінгені айтылды.  «Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеліп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс», — деген Мемлекет басшысының тапсырмасы орынды деп есептеймін.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікті белсенді тарту қажеттігін ескертті. Бұған қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуді тапсырды.
Жасыратыны жоқ, білікті мамандардың тапшылығы біздің салада да бар. Мұның өзекті мәселе екенін Мемлекет басшысы да атап өтті. «Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн» деген пікірге толық қосыламын. Өйткені басты байлық — денсаулық атүсті көзқарасты көтермейді.

Бейбіт МҰСТАФИНА,

жоғары білікті дәрігер,

Петропавл қаласының құрметті азаматы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz