Мамлют ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша 4 медициналық пункт салынып жатыр, оның 2-і фельдшерлік-акушерлік пункттер.
Соның бірі бұған дейін медициналық нысаны апатты деп танылған Бексейіт ауылында бой көтеріп, құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа ғимараттың көлемі 150 шаршы метрден асады. Нысанның құрылысына бюджеттен 148 миллион теңге бөлінген. Ауылдық медициналық орталықта дәріхана, физиотерапия кабинеті, мейірбикелерге арналған кабинет, емдеу бөлмесі және анықтамалық кабинет болады