Миржан-үздік жедел уәкіл

Авторы: Зарап Құсайынов

Облыстық  полиция департаментінде «Үздік жедел уәкіл» жыл сайынғы байқауының қорытындысы шығарылды. Үздік атану үшін полиция департаментінің құрамындағы жедел бөліністердің 16 қызметкері бақтарын сынады. Үміткерлер дене шынықтыру дайындығын, табельдік қаруды қолдана білуін көрсетті, заңнама бойынша тестілеуден өтті. Сондай-ақ қызметтегі қол жеткізген көрсеткіштері де есепке алынды.

Нәтижесінде полиция майоры Миржан Махмет үздік атанды. Миржан тәртіп сақшыларының қатарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді, Жамбыл ауданында басшылық қызметте болған. 2023 жылдан бастап  криминалдық полиция басқармасының «К» тобында аға жедел уәкіл лауазымында. Бұл бөлініс киберқылмыстарды, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстарын ашумен айналысады.

Миржан жыл басынан алпыстан астам киберқылмыстың ашылуына қатысқан. Олардың арасында өзін полиция қызметкері болып таныстырған және адамдардың сеніміне кіріп несие ресімдеген 28 жастағы петропавлдықты ұстау фактісі бар. Қылмыстық істе 16 эпизод болған. Миржан енді Ішкі істер министрлігінде өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz