Облыс диқандары өткен аптада ауа райының қолайсыздығына қарамастан күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізе білді.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Qyzyljarnews.kz-ке берген деректеріне қарағанда, облысымыхда 540.3 мың гектар алқаптың дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары жиналып, 934.6 мың тонна астық бастырылған, гектар берекелігі 17.3 центнерден айналған. Өткен аптада аграршылар үш жүз мың гектар алқаптан 500 мың тонна өнім жинаған. Астықтың шығымдылығы алдыңғы аптадағыдай болған.
Облысымыздың агроқұрылымдарына литрі 250 теңге болатын 59 мың тонна ЖЖМ күзгі орақ жұмстары үшін бөлінген болатын, ол толық көлемде жеткізілді. Биылғы күзде жауын-шашынның көп болуына байланысты астықтың дымқылдығы жоғары. Оларды кептіру үшін элеваторларға, астық қабылдау орындарына 24 мың арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бүгіндері облыс аумағында жеті миллион тонна астық қабылдайтын орын бар, бұл жаңа астықты сақтауға жеткілікті.