СҚО-да саңырауқұлақтан жеті адам уланған

Авторы: Зарап Құсайынов

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  хабарлағандай, биыл өңірде жеті адамның саңырауқұлақтан улану фактісі тіркелген.

Әдетте, саңырақұлақтан жылы мезгілде уланып жатады. Көпшілік улы өсімдіктерді ажырата алмайды. Жазғы демалыс лагеріне барған балалар, белгісіз өсімдіктерді асқа пайдаланған туристер зардап шеккен жағдайлар бар.

Бес жасқа дейінгі балалар табиғат аясына шыққанда, үй маңында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, көрген саңырауқұлаққа қызығып, жеп қоюы мүмкін. Сондай-ақ балаларға саңырауқұлақты мүлде беруге болмайды, өйткені олардың асқазаны мұндай ауыр тамақты қорытуға бейімделмеген.

Шыбынжұт, сасық саңырауқұлақ, жалған қозықұйрықтан уланудың салдары ауыр болып келеді. Сасық саңырауқұлақтың біреуін тұтынғаннан адам өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ жеуге жарамды, бірақ ұзақ сақтаудан бүлінген өнімді тамаққа қолданудан да улануымыз мүмкін. Өйткені консервіленген саңырауқұлақты 6-8 ай ғана сақтауға болады», — дейдіСанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Саңырауқұлақтармен уланудың негізгі себебі — жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды тани алмау, оларды дайындау технологиясын, сақтау шарттарын және оларды пісіру ережелерін бұзу. Жеуге жарамды саңырауқұлақты орманнан әкелгеннен кейін 4 сағат ішінде өңдеу керек, өйткені содан кейін ол улы зат бөле бастайды. Тамаққа тұтынар алдында міндетті түрде қайнату қажет.

«Саңырауқұлақты жолдардың бойында, қоқыс орындарының маңында жинауға болмайды, өйткені оның өз бойына жинап алатын абсорбция қасиеті бар. Жалпы саңырауқұлақтардың ішіндегі ең қауіпсізі – «түлкішек» деп аталатын сары түсті саңырауқұлақ. Олар ауыр металдардың тұзын сіңірмейді. Саңырауқұлақты базардан сатып алуға кеңес беремін. Өйткені, саудаға шығарылмас бұрын ол ветеринарлық зертханаларда мамандардың тексерісінен өтеді», — дейді Татьяна Горлова.

Дәрігердің айтуынша, саңырауқұлақтан уланған жағдайда 15-20 минуттан кейін белгілері пайда болады.

«Алдымен адам тынышсызданып, көз алдында заттар қосарланып көрінеді. Қарашығы үлкейеді. Терісі құрғап, қызарады, ыстық болуы мүмкін. Тыныс алуы бұзылып, демалу қиындайды, құсады. Осы алғашқы белгілері пайда болған жағдайда жедел жәрдем қызметін шақыру керек. Бала уланған жағдайда оның нені жеп қойғанын білу маңызды. Сол себепті ұрыспай, тезарада неден уланғанын білу керек. Дәрігерлер келгенше асқазанды жуып, құстыру қажет. Саңырауқұлақтан улану басқа тағамдық улануларға қарағанда әлдеқайда ауыр, сондықтан мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу қауіпті», — дейді  маман

Саңырауқұлақтан уланудың алдын алу үшін, орманға барған адам қарапайым ережені естен шығармаған жөн.

«Білмейтін, жеуге жарамдылығына сенімді емес саңырауқұлақты жұлмай, жақсы білетін саңырауқұлақтарды ғана жинаңыз. Орманға мүмкіндігінше тәжірибелі саңырауқұлақ жинаушымен бірге барыңыз. Саңырауқұлақты анықтау барысында оның жеуге жарамдылығы жазылған нұсқаулықтарға сенбеңіз. Саңырауқұлақты жәндіктер, ұлулар, құрттар және т.б. жесе, оларды жеуге болатындығы туралы халық арасында кең тараған мифке сенбеңіз. Шикі саңырауқұлақтың дәмін татпаңыз және саңырауқұлақ кездейсоқ адамдардан сатып алмаңыз. Сондай-ақ ас қорыту аурулары бар адамдар саңырауқұлақ жеуден бас тартқаны жөн.

Тағы ескере кетер жайт, улы саңырауқұлақтар көбіне жеуге жарамды саңырауқұлақтардың жанында өседі және оларға өте ұқсас болуы мүмкін. Тіпті жеуге жарамды саңырауқұлақ, егер дұрыс дайындалмаса және сақталмаса, улы болуы мүмкін. Алкогольмен бірге жеу бірқатар токсинді белсендіріп, кешіктірілген уытты синдромның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жеуге жарамды дұрыс дайындалған саңырауқұлақтарды негізгі тағам емес, гарнир ретінде қалыпты мөлшерде жеу керек;

Жаңа саңырауқұлақтарды бір күннен артық, тіпті тоңазытқышта, ал тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтарды бір жылдан артық сақтауға болмайды», — дейді Татьяна Горлова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz