Петропавл қаласында және облыстың жолдарында 11 қыркүйектен бастап «ақылды камералар» – жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін құрылғылар іске қосылды.
Аталмыш құрылғылар жол үстіндегі апаттылықты азайтуда тиімділігін көрсетті. Бұл уақытқа дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.
Биылғы жылдың сегіз айында аталған құрылғылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз бұзушылық тіркелген, бұдан осы құрылғылардың жүргізушілерді тәртіпке келтіргенін байқауға болады. Әрі, бұл – жол үстіндегі қауіпсіздіктің маңызды қадамы.
Облыста қаңтар айынан бері 297 жол-көлік оқиғасы тіркеліпғ салдарынан 23 адам қаза тауып, 405 адам жарақаттар алған. Бүгінгі таңда апаттылықты азайту – полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімділігіне байланысты және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы алды.
Олар өңірдің көше-жол желісіндегі қозғалысы көп учаскелерінде орнатылған. Тағы екі кешен темір жол өтпесіндегі, үш кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді, ал төрт кешен патрульдік автокөліктерде қойылған.
Бұдан бөлек, қала сыртындағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде «Кордон.Про»М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады. Бұл құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді. Бұлар жүргізушілер тарапынан жиі жасалатын бұзушылықтар. Олар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғып, ауыр салдарын ұлайтуы мүмкін.