144
Қазақстандықтардың екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына қарызы 500 млрд теңгеден асты, деп мәлімдейді Ұлттық банк.
Жеке мақсатта рәсімделіп, төлеу мерзімі асып кеткен несие көлемі
шамамен 438 млрд теңгені құрап отыр деп жазды LS агенттігі. Тамыз айында тіркелген берешек жыл басындағы сомадан 29,4%-ға көп. Төлеу мерзімі асып кеткен несиелер тізімінде тұтынушылық кредиттен кейін өзге мақсатқа алынған қарыз тұр — 54,3 млрд теңге, ипотека — 21,7 млрд теңге. Осы ретте борышкерлер Алматы, Астана мен Шымкенттен көп. Ең аз көлем Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарында тркеліп отыр. Аталған өңірлерде
банкке берешек бес және үш миллиалрд теңгеден асқан.