Биылғы сәуірдің басында 22 жастағы петропавлдық жеңіл ақша табамын деп есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істей бастаған. Бір айға жетер-жетпес уақытта оның бұл «жұмысы» 40 мың теңге табыс әкеліпті. Алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асырып жатқанда қолға түсірді.
Жеке тінту кезінде одан синтетикалық есірткі салынған түйіншектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде қаланың шеткері аудандарында және саяжай қоғамдастықтарының бірінде есірткі жасырған орындар анықталды. Жалпы салмағы 14,92 грамм болған «α-PvP» есірткісі және 22,15 грамм мефедрон тәркіленген
-Сот жігітті кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыста есірткі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 25 адам сотталды. Олардың қылмыстық әрекеті орташа есеппен алғанда үш айдан аспайды. Есірткі өткізу бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын естен шығармауды сұраймыз, – дейді облыстық е сірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.