СҚО әкімі мен көлік министрі жол саласын дамыту мәселелерін талқылады

Авторы: Зарап Құсайынов

Бүгін облысымызда жұмыс бабымен көлік министрі Марат Қарабаев болды. Көлік министрі Марат Қарабаев пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткенде жиында Солтүстік Қазақстан облысының жол саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Жолдауда Мемлекет басшысы жол инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударып, орташа жөндеу бағдарламасын 10 мың шақырымға дейін жеткізуді тапсырды. Министрлiкпен бiрлесе отырып, өңiрдегi орташа жөндеу жүргiзiлетiн жолдардың маңызды учаскелерi анықталмақ. Сондай-ақ жөнделген жолдың сапасын тексеру мен мердігерлердің жауапкершілігі де ерекше бақылауда.

«Биыл облыс бойынша жөндеу жұмыстарымен 938 шақырым жол қамтылды, оның негізгі бөлігін орташа жөндеу құрайды. Бұл бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз», — деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz