Облыста тасқыннан зардап шеккен 173 отбасы баспаналы болды

Авторы: Зарап Құсайынов
    Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Петропавлда  «Бірлік»  шағынауданындағы үйлердің кілттерін табыс ету рәсімі өтіп,
     173 отбасы баспаналы болды. Жаңа тұрғындарды қуанышпен Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен «Kaspi kz» директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким құттықтады.
       700 үйдің құрылысы кестеге сай аяқталды. Осылайша жаңа ықшам ауданды қоныстандыру мәресіне жетті. Барлық 700 отбасы баспанаға ие болды. Үйлердің құрылысына «Қазақстан халқына» қоры, «Kaspi kz», «Kazminerals Management» және «Kazakhmys» корпорациясы демеушілік көрсетті. Сондай-ақ, түріктің «YDA» компаниясы өзіндік 20 үйін салды.
      Петропавлдың картасында жаңа шағын аудан пайда болып, жайлы өмір сүруге барлық жағдай кезең-кезеңімен жасалуда. Көшелерге асфальт төселеді, автобус қатынасы орнады. Қазір балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 600 орындық жаңа мектеп салу жоспарлануда.
459680543 122159946602054610 1915772093323316161 n
459971636 122159946434054610 7604137065517384065 n
459681353 122159946542054610 8050826641005202511 n

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz