182
Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Петропавлда «Бірлік» шағынауданындағы үйлердің кілттерін табыс ету рәсімі өтіп,
173 отбасы баспаналы болды. Жаңа тұрғындарды қуанышпен Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен «Kaspi kz» директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким құттықтады.
700 үйдің құрылысы кестеге сай аяқталды. Осылайша жаңа ықшам ауданды қоныстандыру мәресіне жетті. Барлық 700 отбасы баспанаға ие болды. Үйлердің құрылысына «Қазақстан халқына» қоры, «Kaspi kz», «Kazminerals Management» және «Kazakhmys» корпорациясы демеушілік көрсетті. Сондай-ақ, түріктің «YDA» компаниясы өзіндік 20 үйін салды.
Петропавлдың картасында жаңа шағын аудан пайда болып, жайлы өмір сүруге барлық жағдай кезең-кезеңімен жасалуда. Көшелерге асфальт төселеді, автобус қатынасы орнады. Қазір балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 600 орындық жаңа мектеп салу жоспарлануда.