ПАРАҚОР ДИРЕКТОР МЕН ПСИХИАТР СОТТАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қалалық сотында жақсы көзбен қарағаны үшін пара алды деген айыппен Жамбыл ауданың Пресновка ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен пара алуға делдалдық жасағаны үшін осы орталықтың психиатрына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және істің жазбаша материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен орталық директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы және 55-бабының  4-бөлігі бойынша кінәлі деп табылып бес  жылға, ал психиатр дәрігерге үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді. Екеуі де  жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады. Сотталғандар мемлекеттік қызмет лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz