Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің «Qyzyljarnews.kz»-ке берген ақпараттарына қарағанда, соңғы күндері өңірімізде қолайлы ауа райының орнауына байланысты күзгі егін орағы жұмыстары қарқын алған.
16 қыркүйекке дейін 1 млн. 209 мың гектар алқаптың дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары жиналып, 2 миллион 68 мың тонна астық бастырылған, гектар берекелігі 17.1 центнерден айналған. Былтыр бұл күнге дейін астықтың 40.1 пайызы жиналып, гектар берекелігі 10.6 центнер болған екен. Биыл облыс диқандары 4.4 миллион гектар алқаптың астығын жинауы керек, оның 3.3 миллион гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар.
Облыс аумағында 6.9 миллион тонна астық сақтайтын орындар бар, бүгіндері ол 25.9 пайызға толған.