Петропавлда синтетикалық есірткіні зерттейтін орталық ашылды

Авторы: Зарап Құсайынов

Петропавл қаласында синтетикалық есірткінің құрамын зерттейтін орталық ашылды. Зертхана 24 сағат ішінде тыйым салынған зат бойынша қорытынды бере алады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтының мәліметінше, жаңа зертхана есірткіге қатысты қылмыстық істерді тезірек ашуға септігін тигізбек. Өйткені бұрын синтетикалық есірткі екенін растау үшін мамандар оны Көкшетауға немесе Астанаға жіберуге мәжбүр болған.

-Әзірге тестілеу режімінде жұмысты бастадық. Синтетикалық есірткілерді өзімізде анықтау арқылы тергеушілердің жұмысын жеңілдетеміз. Зертханада екі сарапшы болады, тағы екеуі құрылғылармен тікелей жұмыс істейді. Олар қазір біліктіліктерін арттырып жатыр, — дейді СҚО бойынша сот сараптамасы институты директорының орынбасары Мәдина Андосова. Мамандар бір нысанды зерттеуге 20 минут жұмсамақ. Ал жалпы сараптама қорытындысы бір тәулік  ішінде беріледі.

Синтетикалық есірткімен күрес өзекті. Мәселен тек Петропавлда жыл басталғалы бері есірткіге қатысты 132 қылмыс тіркеліп, 28 адам сотталған. Жазасын өтеп жатқандардың басым бөлігі 25 жасқа дейінгі жастар.

-Қазіргі синтетикалық есірткілердің химиялық құрылымы ауыр, әрі бір орында тұрмай үнемі өзгеріп отырады. Соның салдарынан анықтау қиындық тудырып жатады. Сондықтан прокуратураның бастамасымен бүгінгі зертхана ашылып отыр. Ол заманауи қондырғылармен жарақтандырылған. Мақсат – жедел түрде есірткі құрамын сапалы анықтап қана қоймай, ғылыми базаның дамуына жағдай жасау, — дейді Петропавл қаласының прокуроры Тыныбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz