СҚО-да полицейлер есірткіні жарнамалаған және сатты деген күдікпен күдіктіні ұстады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы полиция депаратаменті есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге есірткі сататын интернет-дүкендердің мекен-жайлары жазылған есірткі граффитиі деп аталатын жазуларды бояу бойынша кезекті акция өткізді. Акция Петропавл қаласының шеткі аудандарының бірінде өткізіліп, 50-ден астам жазба боялды.

Акция барысында жергілікті кәсіпкер полицейлерге жүгініп, оның дүкенінің сыртқы бейнекамерасы есірткі граффитиін салу процесін түсіріп алғандығын айтқан. Осы жазбаның арқасында Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны жедел түрде анықталып, ұсталды. Оның айтуынша, ол жақында қалаға келіп, 40-қа жуық граффити жасап үлгерген.

«Күдіктінің жалдамалы тұрғын үйін тінту барысында бояу құтыларынан басқа 160 грамм «мефедрон» және «α-PvP» синтетикалық есірткі, электронды таразы, буып — түю материалдары табылды, — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция депаратаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. — Қазіргі уақытта жас жігіт қамауға алынды. Ол есірткіні заңсыз жарнамалау мен насихаттауға, сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сатты деп күдіктенуде».

Полицейлер есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтық қоғамның қатысуы маңызды көмек болып табылатының атап өтуде. Сондықтан да егер сізде жедел қызығушылық тудыруы мүмкін ақпарат болса, полицияға 8 (7152) 39-41-93, WhatsApp 8-707-500-96-65 немесе «102» арнасы арқылы хабарласуға болады

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz