Уәлиханов ауданында анасы ашу үстінде 11 жасар қызына пышақ сұғып алды

Авторы: Qyzyljar News

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 40 жастағы әйел 6-сыныпта оқитын қызына пышақ сұғып алды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға Уәлиханов ауданы Өндіріс ауылында 17 қыркүйекте болған. 40 жастағы әйел қызымен үйге берілген тапсырманы орындап отырып, ашуына ерік беріп, 11 жастағы қызына пышақ сұғып алған. Ауыр жарақат алған жасөспірім аудандық балалар ауруханасына жеткізілді.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл отбасы бұрын ешқандай есепте тұрмаған.

«Отбасының 6 баласы бар. Зардап шеккен ерлі-зайыптының тұңғышы, 2013 жылы туған қыз бала. Жалпы үш ұл, үш қыз тәрбиеленіп жатыр, ең кішкентайлары небары 2 жаста ғана. Ата-әжесі бірге тұрады. Әйел жергілікті шаруашылықта аспаз. Оқиға болғаннан кейін үйге бардық, жағдайлары жақсы. Білетіндер де ол отбасы туралы тек жақсы пікірде», — дейді Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сағитов.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

«Аталған факті бойынша көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық жағдайлар анықталатын болады», — деп жауап берді вдеомствода.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz