Петропавлда жол инфрақұрылымы жаңартылуда

Авторы: Qyzyljar News

    Облыс әкімі әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала жолдарын жөндеу барысын тексерген.

Биыл Петропавлда жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Жөндеу жұмыстары облыс орталығындағы 57 көшені қамтыды. Оның ішінде 39 көшеге алғаш рет асфальт төселмек. Осының арқасында биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 50 пайыздан 67 пайызға дейін өспек.  Қала басшылығына алдағы 4 жылда Петропавлдағы барлық жолдарға асфальт төсеуге тапсырма берілді.

Сондай-ақ өңір басшысы қаланы аралау барысында Жұмысшы кентіндегі жол өткелінің құрылысын және Жуков көшесіндегі кәріз коллекторының қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Сонымен қатар, «Береке» шағын ауданында спорт кешені мен арнайы мектептің құрылысы аяқталуда. Бұл ықшам ауданда салынып жатқан жайлы мектеп пен балабақша құрылысының қарқынын да бақылады.

«Негізгі міндет – құрылыстың жақсы қарқынын қамтамасыз ету және барлық жобаларды мерзімінде аяқтау», — деп жазыпты облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz