ЗИРАТТАРДЫ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында мүфтияттың тапсырмасымен мешіт қызметкерлері IT саласының мамандары және еріктілердің көмегімен зираттарды түгендеп, аэротүсірілім жасап жатыр. 

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанынан құрылған «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлының айтуынша, мұндай жұмыс ел бойынша қолға алынған. Мақсат — зираттарды дамыған мемлекеттердегідей бірізділікке келтіру, қабір көтеру мәдениетін қалыптастыру. Жерлеуде ысырапқа жол бермеу.

-Қазір цифрландыру заман талабы, оны зираттарға да қолданып, ата-бабаларын таппай қалған адамдарға көмек ретінде арнайы ортақ база жасамақшымыз. Яғни «Jerleu» деген қосымша болады. Соның ішіне республикадағы барлық зираттарды енгіземіз. Кейін сол қосымшаға кірген адам туыс-танысының аты-жөнін жазып, енгізу арқылы оның қай жерде, қай зиратта жатқанын біле алады. Оның ішінде тағы „киелі жерлер“ деген бөлім болады. Мысалы, бұл бөлімге Мәшһүр Жүсіп, Бекет Ата, Бәйдібек ата секілді киелі адамдардың мазарын енгіземіз, — дейді Мейрамбек Қабылбекұлы.

Бұл қосымшаны жыл соңына дейін қолданысқа енгізу жоспарланған. Солтүстік Қазақстан мамандар жұмыс істеп жатқан 15-ші өңір.

-Біз IT саласының мамандарымен меморандумға отырдық. Жылдың аяғында еліміздің өңірлеріндегі зираттарды цифрландырып болғаннан кейін іске қосамыз. Жоғарыдан аэротүсірілім жасалып, зираттардың шекарасы белгіленеді, ал мешіттердің қызметкерлері, еріктілер әр қабірдің басына барып, құлпытасты фотоға түсіріп, оны аэротүсіріліммен байланыстырып, ортақ базаға жинап жатыр, — дейді Мейрамбек Қабылбекұлы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz