ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС КӨП

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні ретінде аталып өтіледі. Атаулы күнге орай облыс орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік мекемелер өкілдері мен кәсіпкерлер жиналды.

Жәрмеңкеде 30 кәсіпорын шараға қатысушыларды   жұмысқа шақырды. «Севказэнерго» АҚ, «С. М. Киров атындағы зауыт», «Радуга» серіктестігі, «ЗИКСТО» зауыты және басқа да ірі компаниялар 640 вакансия ұсынды. Оның ішінде есепші, кадр жөніндегі инспектор, инженер-технолог, сантехник, теміржонушы сынды мамандарға сұраныс жоғары.

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі және жұмысшы мамандарын  даярлаумен айналысатын өзге де жұмыс берушілер қосымша кәсіп меңгергісі  немесе мамандығын ауыстырғысы келетіндерді өз жобаларымен таныстырды. Ал мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен кәсіподақ өкілдері еңбек қатынастары мен жұмысшылардың құқықтары туралы кеңес берді.

-Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдің кадрлық әлеуетін арттырудың маңызды екенін айтты. Бүгінгі жәрмеңке облыс орталығында ғана емес өңіріміздің барлық ауданында өткізіліп отыр. Барлық аудан мен қала бойынша 2500 вакансия ұсынылды. Жұмыссыз тұрғындар екі қолға бір күрек табады деп сенеміз, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Шараға жұмыссыз жастар, көпбалалы, толық емес отбасы мүшелері, мүгедектігі бар, бас бостандығын шектеу орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған жандар   шақырылды.

Жәрмеңкеге келушілер кәсіп бастау үшін грант иеленген жобалардың көрмесін тамашалады. Мемлекет тарапынан 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз қаржы әлеуметтік жағынан аз қамтылған  топтан шыққандарға беріледі. Облыс орталығы мен аудандардан жиналған кәсіп бастаушылар өздерінің  ет, сүт, қымыз бен  көкөністерін ұсынды.

 

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz