Н.Погодин атындағы орыс драма театры 138-ші маусымның ашылуына дайындалуда

Авторы: Qyzyljar News

Театр труппасының жұмысы грузин спектаклі «Ханума» қойылымының тұсаукесерінен басталады.

Қойылымның тұсаукесері 11 қазанда болады. Спектакльге дайындықты мамыр айында бастаған әртістер бүгінде қызу әзірлікте. Спектакль режиссері Тимур Кәрімжановтің айтуынша, театрдың жаңа маусымы бақыт, махаббат, тыныштық, береке сынды жанға жылу сыйлайтын отбасылық құндылықтардан басталмақ. Күлкі мен әзілге құрылған қойылым көрермендерге қуаныш сыйлайтыны анық.

Жаңа маусымда театрдың шығармашылық құрамы да толыға түспек. Қатарға белгілі режиссер, Мәдениет қайраткері Баатырбек Шамбетов те қосылып жатыр. Бұған дейін режиссер С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды, Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы облыстық драма театрларында еңбек етті. Қазір ол В.Красногоровтың «Кто-то должен уйти» атты комедиялық пьесасына дайындалуда.

Биылғы театр маусымында шығармашылық ұжым Ұлы Жеңістің 80 жылдығы сынды айтулы шараларды да назардан тыс қалдырмауды жоспарлап отыр.

a067364c 0f2c 4672 8e67 39a72afc365d 4589df46 2db9 40df bfb4 8c10ee55c77f

f63db8ec 5b26 435d a3db 19980dcc4be4

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz