Петропавлдық зейнеткерге әмиянын тауып берген

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық зейнеткер әмиянын тауып берген полиция қызметкеріне алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының 73 жастағы тұрғыны Борис Малеев Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Райымбек Мұсановтың жұмысына алғысын жеткізу үшін СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

Зейнеткер 24 қыркүйек күні сауда үйлерінің біріндегі нан сататын бөлімде әмиянын ұмытып кеткен. Сатушылар оны қауіпсіз жерге қойғанымен, оны басқа адам алып кеткен. Мұны зейнеткер күзетшілерге жүгініп бейнежазбаларды тексерген кезде байқады. Қария бірден полицияға хабарласты. Шақыртуға жедел-тергеу тобы келді. Оның құрамында полиция қызметкері Мұсанов болды. Келесі күні таңертең полиция қызметкері зейнеткерге әмиянын қайтарды. Оны алып кеткен адам ақшаға да, банктік картаға да, құжаттарға да тиіспеген.

Борис Малеев Райымбекке және басқа полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, адамдарға деген назары үшін шын жүректен алғысын білдірді, мықты денсаулық пен қызметте жетістіктер тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz