Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры Павлодар қаласында жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ертіс-Баян» республикалық театрлар фестивалінде өнер көрсетті. Аталмыш фестивальде театр әртісі Ислам Жақсылық «Ең үздік ер адам бейнесі» аталымын жеңіп алды.
Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жерлестеріміз «Шинель» спектаклін сахналады. Қойылымның режиссері – Баатр Колаев. Актер Ислам Жақсылық Акакий Акакиевичтің рөлін сомдап, үздіктердің қатарынан көрінді.
–Бізді Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры құшақ жая қарсы алды. Актерлеріміз А.Чехов атындағы облыстық драма театрда өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен өзге де театр өкідері жерлестерімізге қолдау білдірді. Өнер сыншылары тарапынан жоғары баға алдық. Бұл ұжымның ортақ еңбегі, – дейді Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының бөлім меңгерушісі Тәттігүл Жәлелова.
ИСЛАМ ЖАҚСЫЛЫҚ- ЕҢ ҮЗДІК АКТЕР
210
алдыңғы жаңалық