АСТЫҚ ҚЫРМАНЫ ӨНІМГЕ ТОЛУДА

Авторы: Qyzyljar News

  Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының  Qyzyljarnews.kz-ке берген дерегіне  сүйенсек,  осы аптаның бес күні ішінде өңір диқандары  192 мың гектар  дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабын жинаған.  Соны нәтижесінде  бүгінгі күнге дейін 2386.4 мың гектар алқаптың астығы бастырылған, бұл барлық егіннің 72 пайызы.

Егін орағы басталғаннан бері 4 миллион 200 мың тона астық бастырылған, гектар берекелігі 17.6 центнерден айналып жатыр. Майлы дақылдар 145.4 мың гектарда (21.6 пайыз) жиналған. Әр гектардан 12.1 центнерден өнім жиналып, 176.6 мың тонна дақыл жиналған. Өңір аграршылары биыл күзде 4 млн. 400 мың гектар алқаптың астығын жинау керек, оның 3.3 млн. гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары.

Облыс аумағында  6.9  млн. тонна астық сиятын орындар бар, бұл жиналған барлық астықты толық сақтауға мүмкіндік береді. Қазір 921 мың тонна астық құйылып, олар 29 пайызға толған. «Азық-түлік келісімшарт» ҰК» АҚ-ы 452 мың тонна астық қабылдады.

Қазір астық қабылдау кәсіпорындарында 856.4 мың тонна астық түскен, оның ішінде  621.5 мың тоннасы бидай, 117.1 мың тоннасы сұлы, басқа дақылдар 117.8 мың тонна.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz