ТҰРҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛДАР

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында 635 ауыл болса, соның 141-інде халық саны елуге жетпейді. Биыл жеті елді мекен картадан мүлде жойылуы ықтимал. 

Бііздің облыс  ауыл санының көптігінен ел бойынша бірінші орында тұр. Алайда бірер жылда өңір бұл ерекшелігінен айрылып қалуы мүмкін. Ауылдардан адамдар көшіп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, Қызылжар өңірінде  қазір 45 елді мекенде тұрғындар саны он адамға жетер-жетпес, ал жеті ауыл мүлде тұрғынсыз қалған.

-Ауыл санатындағы кейбір елді мекендер бойынша сәйкессіздік бар. Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес, ауыл саналуы үшін халық саны кемінде 50 адам болуы қажет. Сондықтан талапқа сай келмейтін елді мекендер қысқартылу керек. Бүгінде ауылдарды реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл сапалы басқаруға және бюджет қаражатын неғұрлым болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға көмектеседі, — дейді Қанат Дүзелбаев.

Елді мекенде  өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл — ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып келеді. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2019-2023 жылдары осы бағдарлама аясында болашағы зор 116 ауылдың 37,4 млрд. теңгеге әлеуметтік инфрақұрылымы жаңғыртылған.

Биыл 59 ауылда 77 жобаны іске асыруға шамамен 14 млрд. теңге бөлінген.  Соның нәтижесінде ауылдардың 160 мыңнан астам тұрғынының тұрмыстық жағдайы жақсарған, 1,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.  Жалпы 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды жаңғырту жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz